Басты Жаңалықтар «Цифрлық қоғам» жобасы күшейтілмек

«Цифрлық қоғам» жобасы күшейтілмек

Еліміздің әр ауданында IT-хаб ашылып, халықтың цифрлық сауатын арттыруға бағытталған «Цифрлық қоғам» жобасы күшейтілмек. Бұл жөнінде Астанада өткен «AMANAT» партиясының республикалық кеңесінде айтылды. Отырыс барысында жасанды интеллект пен цифрландыруды дамытудың басымдықтары талқыланды. Партия Төрағасы Ерлан Қошанов жаңа технологиялардың пайдасын әрбір отбасы сезінуі тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ, азаматтардың құқығын қорғау үшін «Цифрлық комиссар» лауазымы енгізілетін болды. Отырыс барысында цифрландыру ең алдымен деректер сапасы мен кадрлық әлеуетке тікелей тәуелді екендігі айтылып, өңірлерде әлі де деректерді қолмен енгізу тәжірибесі мен маман тапшылығы сақталып отырғанына назар аударылды.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы, «AMANAT» партиясының төрағасы:

Жаңа цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект халқымызға, еліміздің болашағына жұмыс істеуі керек. Әр отбасы, күллі қоғам, оның пайдасын сезінуі қажет. «Аманат» партиясы Президентіміздің қоғамдық-саяси тірегі ретінде осы жұмыстың алдыңғы шебінде болатын болады.

Бөлісу