1 ақпаннан бастап Қазақстанда балабақшаларға бақылау күшейтіледі
1 ақпаннан бастап Қазақстанда балабақшаларға бақылау күшейтіледі. Енді барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары алдын ала ескертусіз тексеріледі. Бақылау барысында балалардың қауіпсіздігі, тәрбие беру деңгейі, санитарлық жағдай және тамақтану сапасына басымдық беріледі. Соңғы уақытта балабақшаларға қатысты қоғамда түрлі мәселелердің көтерілуі тексеру тетігін қайта қарау қажеттігін көрсетті. Шымкентте бұл бағытта арнайы мониторингтік топ құрылып, жұмысқа БАҚ өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері мен мәслихат депутаттары тартылады. Алайда билік өкілдері тексерістердің қысым құралына айналмауы тиіс екенін атап өтті.
Сәрсен Құранбек, қала әкімінің орынбасары, әкімдіктің ресми өкілі:
Алдын ала ақпарат, ескерту жіберудің қажеті жоқ. Маслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелерін ертіп алып, барып көріп, өз көздеріңізбен бағалап қайтсаңыздар болады. Тек асыра сілтеушілік болмау керек. Көрдіңіздер ме, қателік кетіп жатқанын көрсетіңіздер. Жоқ па, оны ойлап табуға тырыспаңыздар.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18
Жамбыл облысындағы Билікөл тартылып барады
09.10.2026, 20:16