Жаңа Конституция жобасы – қоғамның әділеттілік пен жаңаруға деген сұранысына нақты жауап
Қазақстан бүгінде маңызды тарихи кезеңнен өтуде. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева осылай деді. Конституция – жүргізіліп жатқан жаңғырудың басты кепілі. Құжат сарапшылар тарапынан жан-жақты талқыланып, кейін қоғамдық бағалауға ұсынылады. Министр жаңа Конституция жобасы қоғамның әділеттілік пен жаңаруға деген сұранысына нақты жауап екенін айтты. 1995 жылғы Ата заң енді қалыптасып жатқан елдің құжаты болса, жаңа Конституция толық қалыптасып жетілген елдің бас құжаты болмақ.
Аида Балаева, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі:
Осы кезеңде еліміз тарихи кезеңді бастан кешуде. Мемлекет басшысының бірнеше жыл бұрын әділдік пен парасаттыққа, заң мен тәртіпке сүйеніп бастаған ауқымды реформалары өзінің ең жоғары құқықтық мәртебесін алып, жаңғырудың жаңа белесіне аяқ басты.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12