Басты Жаңалықтар Онлайн сауда ережелері өзгереді

Онлайн сауда ережелері өзгереді

Қазақстанда онлайн сауда ережелері өзгереді. Енді кедендік одаққа мүше емес елдің интернет-дүкендерінен алынған тауарлар «жеке пайдалануға арналған зат» емес, электрондық сауда тауарлары ретінде қарастырылады. Жаңа тәртіпке сәйкес, шетелден онлайн жеткізілетін тауардың құны 200 еуродан төмен болса кедендік баж бен қосылған құн салығы салынбайды. Ал бұл шектен асқан жағдайда, бүкіл сатып алу сомасына 5 пайыз баж салығы және 16 пайыз қосылған құн салығы есептеледі. Баждың ең төменгі мөлшері бір келі үшін 1 еуро мөлшерінде белгіленді. Алкоголь, темекі өнімдері, бағалы металдар мен тастар бұрынғыдай жеке декларация арқылы рәсімделеді. Ал автокөлік пен электромобиль секілді ірі тауарларға бөлек талаптар сақталады. Мамандар бұл өзгерістер салық түсімін арттыру және ішкі нарықта әділ бәсекелестік орнату үшін енгізілгенін айтады.


Бөлісу