Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімін қабылдады. Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысына қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ негізгі қала құрылысы мен инфрақұрылым жобаларының жүзеге асырылуы туралы баяндады.
Оның айтуынша, былтыр қысқа мерзімді экономикалық индикатор 12,8 пайызға көтерілген. Ал мемлекет бюджетіне 6,6 триллион теңге салық пен міндетті төлемдер түсті. Сондай-ақ қала әкімі шаһардың бірнеше орталығын дамытуға бағытталған жаңа стратегиялық бастамаларды таныстырды. Мемлекет басшысы Алматы қаласының экономикасын одан әрі әртараптандыру, экологиялық жағдайын жақсарту, орнықты көлік және туристік инфрақұрылым қалыптастыру, сондай-ақ тұрғындардың тұрмыс деңгейін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06