Атырау облысындағы Мақат ауданында жаңа КММ құрылды
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Атырау облысындағы Мақат ауданында жаңа коммуналдық-мемлекеттік мекеме құрылды. Ауданның санитарлық ахуалын жақсартуға бағытталған бұл бастамаға облыстық бюджеттен қомақты қаражат бөлінді. 50-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Мақат ауданында тазалық мәселесі жүйелі түрде шешілмек. Бұған дейін көшелерді тазалауға жеке компаниялар тартылып келген еді. Енді бұл жұмысты арнайы коммуналдық мекеме атқарады. Бұған облыстық бюджеттен 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп, 18 техника сатып алынған.
32 мың тұрғыны бар Мақат ауданында жыл сайын 20 мың тоннадан астам тұрмыстық
қатты қалдық жиналады. Жаңа коммуналдық мекеме құрылғанға дейін қоқыс шығару, көше тазалау жұмыстары уақытылы жүзеге аспады. Қазір жұмыс жүйеленді, айнала мұнтаздай,
ауыл халқы да дән риза.
Қалыбай Жаманқұл, Мақат кентінің тұрғыны:
Бұрын қар уақытында күрелмеді. Жолдың бәрі тау болып, көліктер әрең жүретін еді. Қазір жақсы. Техника айтқан уақытында жетіп келеді. Менің ауылымның арасына келмейтін еді, қазір телефон соғып, топырақ шашып кетіңдерші десем, келіп шашып кетеді.
Қуаныш Исмагулов, «Таза Мақат» КМК директоры:
Халыққа айтарым - таза ұстау керек. Өзінің үйінің айналасындағы 5 метр жерді тазалап тұрса, бізге үлкен көмек болады. Қоқыстарын жәшіктеріне салса дейміз.
Коммуналдық мекеме аудан орталығы Мақат
кенті мен оған іргелес екі елді мекеннің көшелерін қоқыстан тазартып,
абаттандыруды қолға алды. Тұрақты
жұмысқа орналасқан 50 адам таң атқаннан кеш батқанға дейін тазалыққа жауапты.
Нұрболат Бөлеков, аудандық ТҮКШ
бөлімінің бастығы:
Бізге осы тиімді. Барлығы бір жерден, бір қолдан шыққаннан кейін бір тапсырмамен барлығы күрделі бақылауда болады. Техникалар санын тағы да көбейту жоспарда бар. Қажетті бюджеттік өтінім бізді басқаратын басқармаларға жіберіп қойдық.
Алдағы уақытта тұрмыстық қалдықтар
өңделеді. Қоқысты сұрыптайтын арнайы қондырғы сатып алу жоспарланған. Бұған
бюджеттен 700 миллион теңге қарастырылған.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00