Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімін қабылдады. Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысына қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ негізгі қала құрылысы мен инфрақұрылым жобаларының жүзеге асырылуы туралы баяндады. Оның айтуынша, былтыр қысқа мерзімді экономикалық индикатор 12,8 пайызға көтерілген. Ал мемлекет бюджетіне 6,6 триллион теңге салық пен міндетті төлемдер түскен. Сондай-ақ, әкім қаланың бірнеше орталығын дамытуға бағытталған жаңа стратегиялық бастамаларды таныстырды. Мемлекет басшысы Алматы қаласының экономикасын одан әрі әртараптандыру, экологиялық жағдайын жақсарту, қаланың орнықты көлік және туристік инфрақұрылымын қалыптастыру, сондай-ақ қала ортасының сапасы мен тұрғындардың тұрмыс деңгейін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы