Сырдария өзеніне су өлшеуіш бекеттер орнатылады
Қазақстан мен Өзбекстан жақын күндері Сырдария өзенінде су өлшеуіш станциялар орната бастайды. Екі тараптан бес- бестен, жалпы алғанда он нысан қойылады деп жоспарланған. Автоматтандырылған гидрометриялық бекеттерді орнатудың маңызы зор. Бұл жоба трансшекаралық өзендерде суды әділ бөлуге, ашықтық пен нақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай ақ мемлекетаралық «Достық» каналы тазаланып, жөнделіп жатыр. Өткен жылы Қазақстан су коллекторларын механикалалық жолмен тазалаған. Тіршілік нәрін үнемдеу бойынша тәжірибе алмасу мен суды тиімді пайдалануда қос мемлекеттің бірліскен жобалары жалғаса бермек.
Шавкат Хамраев, Өзбекстанның су шаруашылығы
министрі:
Трансшекаралық су нысандарын бірлесе басқару бойынша үкіметаралық келісім бар. Сырдария өзенінде автоматтандырылған гидрометриялық бекеттер орнату екі елдің суды тиімді пайдалану бастамаларын оңтайлы жүзеге асыруына сеп болады.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Бүркітші» көркем фильмі көрерменге жол тартты
10.09.2026, 10:12
«Тарифті инвестицияға айырбастаудың» жаңа бағдарламасы іске қосылды
10.09.2026, 10:06
Ақтөбеде қоғамдық орындарды ластағандар жауапқа тартылды
10.09.2026, 10:02
APPLE бүктелетін жаңа смартфондар ұсынды
10.09.2026, 10:01
Филиппин аралдарында паром өртеніп, 87 адам жоғалып кетті
10.09.2026, 10:00
Шымкентте қоғамдық көлікке қатысты шағым көбейді
10.09.2026, 10:00
Құрылтайдың жаңа жұмыс тәрітібі айқындалады
10.09.2026, 09:59
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 09:57