Басты Жаңалықтар «Теңіз» кен орнындағы мұнай өндірісі алдағы аптада қалыпқа келеді

«Теңіз» кен орнындағы мұнай өндірісі алдағы аптада қалыпқа келеді

«Теңіз» кен орнындағы мұнай өндірісі алдағы аптада толық қалыпқа келеді. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты. Оның сөзінше, қазір «Королев» кен орнында жұмыс қайта жанданған. Ал «Теңізде» өрттен кейін істен шыққан үш трансформатор жөнделіп жатыр. Еске салсақ, 18 қаңтарда кен орнында өрт шыққан еді. Осыдан екі күн бұрын компания өндірісті қайта бастады.

Ерлан Ақкенженов, ҚР Энергетика министрі:

«Теңіз» кен орнының бір күнге толық тоқтап қалуы бүкіл серіктестерге 40 млн доллар шығын алып келеді деген есеп бар. Нақты шығынды есептеуге уақыт керек. Өрттің салдарынан өндіре алмай қалған мұнайды Chevron және «Тенізшевройл» басшыларымен кездесіп, нормадан артық өндіру жоспарланып отыр.

Үш өңірде жел және күн электр станциялары салынады

Үш өңірде жел және күн электр станциялары салынады. Оған Қытай 2 млрд 200 миллион доллар инвестиция салады. Мәжіліс тиісті құжатты мақұлдады.  Ірі жобалар Қарағанды, Павлодар және Түркістанда салынады деп жоспарланып отыр. Құрылысқа 1 жарым мың адам тартылмақ. Ал станциялар іске қосылғасын тағы жүз шақты адам жұмыспен қамтылады.

Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Бұл – орталық Азиядағы ең ірі жел-энергетика жобаларының бірі. Қарағандыда станцияның қуаты 300 мегават, Түркістан 300 мегават күн энергия станциясы салынады. Аталған жобалар жаңартылатын энергия көздерін дамыту таңдау емес, обьективті қажеттілік.  


Бөлісу