Ерекше балаларға мемлекеттен бөлінетін қаржыны көбейту ұсынылды
Күніне 8 мың теңге. Ерекше балаларды оңалтуға мемлекет осынша қаржы бөледі. Мәжіліс депутаты Ажар Сағандықова кемінде 18 мың теңгеге дейін көтеру керек деп Үкіметке сауал жолдады. Ол мемлекеттік қолдаудан бөлек, 18-ден асқан балаларға оңалту бағдарламаларының жоқ екенін де атап өтті. Қазір елде мүгедіктігі бар 200 мыңнан астам бала тұрады. Бірақ депутаттың сөзінше, олардың 50 пайызы ғана қажетті инфрақұрылыммен қамтылған. «Балаларға келгенде үнемдеуге болмайды. Әлеуметтік қызметтерге барлық тарифті қайта қарау керек», - деді Ажар Сағандықова.
Ажар Сағандықова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Арнайы орталықтарда маман жетіспейді. Ал бала кәмелет жасқа толғаннан кейін тіпті қайда барарын білмейді. Ешқандай бағдарлама жоқ. Біз балаларымыздың болашағын ойлауымыз керек. Бұл ретте мемлекеттік қолдауға ден қойып, тарифтерді көтеру маңызды.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12
Азия ойындарының екінші жарыс күні басталды
21.09.2026, 10:07
Үстел теннисінен Президент кубогы мәресіне жетті
21.09.2026, 10:06
Таразда 42 көше күрделі және орташа жөндеуден өтіп жатыр
21.09.2026, 10:04
Мерцтің партиясы сайлауда жергілікті парламентке өткен жоқ
21.09.2026, 10:03
Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады
21.09.2026, 10:01
Түнгі рейд: Алматыда 500-ден аса жүргізуші жол ережесін бұзған
21.09.2026, 09:59
Қоғам тыныштығын бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды
21.09.2026, 09:58