Басты Жаңалықтар Президент қазақстандық IT-кәсіпкерлермен кездесті

Президент қазақстандық IT-кәсіпкерлермен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық IT-кәсіпкерлер – Higgsfield AI стартапының техникалық директоры Ерзат Дулат пен MA7 Ventures венчурлік платформасының негізін қалаушы Мұрат Әбдірахмановты қабылдады. Кездесуде жасанды интеллектіні экономикаға, мемлекеттік басқару және әлеуметтік салаға енгізу, сондай-ақ IT-кәсіпкерлік пен венчурлік индустрияны дамыту мәселелері талқыланды. Президент Higgsfield AI-дың жетістігін жоғары бағалап, Қазақстан жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті IT-компаниялар қалыптастыратын алаңға айналуы тиіс екенін айтты. Ерзат Дулаттың мәлімдеуінше, команданың 95 пайызы – қазақстандық мамандар. Әрі компания жасанды интеллект саласына кадр даярлау бойынша мемлекетпен серіктес болуға дайын. Ал Мұрат Әбдірахманов венчурлік индустрияның технологиялық дамудағы шешуші рөлін атап өтті.


Бөлісу