Елордада 30 мың адам құлшылық ете алатын мешіттің құрылысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 30 мың адам құлшылық ете алатын мешіттің құрылысы басталды

24.03.2019

Елордада бір мезетте 30 мың адам құлшылық ете алатын мешіттің құрылысы басталды. Алланың үйін діни ғана емес, мәдени нысанға да айналдыру көзделіп отыр. Мешіттің құрылысын бастауға батасын берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «болашақта елорданың бас мешітін көру үшін жиһанның түкпір-түкпірінен туристер келуі тиіс», - деді.

Еліміздегі сыйымдылығы бойынша ең үлкен мешіттер көшін бұған дейін «Әзірет Сұлтан» бастап келген еді. Бас қаладағы Алла үйінде бір мезетте 10 000 адам құлшылық ете алады. Одан кейінгі орында 7 мың адам сыятын Алматы қаласының орталық мешіті тұр. Одан кейін елордадағы 5 мың орындық «Нұр-Астана» мешіті. Қысқасы, болашақта күмбезін Күн сүйетін ең ірі мешіт күллі әлемді әсемдігімен таңғалдырмақ. 

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу