Елімізде бір жылда 500-ден аса жаңа БАҚ тіркелді
Елімізде 1 жылдың ішінде 500 ден астам жаңа ақпарат құралы тіркелді. Мәдениет және ақпарат министрлігі 2025 жылдың қорытындысын жариялады. Қазіргі кезде елде 5029 бұқаралық ақпарат құралы бар, оның 306-сы – шетелдік. Тек 2025 жылдың өзінде 515 жаңа БАҚ тіркелді. Саладағы маңызды бағыттардың бірі – отандық баспа ұйымдарын қолдау. Жаңа салық кодексіне сәйкес баспа түріндегі кітап өнімдеріне қосылған құн салығы 10% мөлшерде белгіленді. Бұл салада шетелдік әріптестермен ынтымақтастық та дамып келеді. Түркиямен бірлесіп «Қайта оралған Үміт» атты 100 сериялы телехикаяның түсірілімі аяқталды, Қазақстан мен Қытай алғашқы ортақ жобасы «Іледе күтемін…» телесериалын түсірді, сондай-ақ Ресей Федерациясымен «Аллигатор» атты сегіз сериялы көркем телесериал әзірленді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы