Инвестициялық жобалар - басты назарда
Елімізде жүзеге асуы тиіс делінген 25 жобаның үшеуі ғана іске асқан. Сол үшін де «Kazakh Invest» компаниясының басқарма төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұловқа үкімет басшысы ескерту жасады. Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға үш күн ішінде қалған инвестициялық жобалар бойынша қажет шешімдер қабылдауды тапсырды. Нақты нәтиже болмаған жағдайда кінәлі лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігі қаралады. Инвесторлар қызметіне кедергі келтіру фактілеріне қатысты барлық материал Бас прокуратураға жолданды. Жалпы, былтыр негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 22,7 трлн теңге болған. Биылғы меже - 31 трлн теңге. Ол үшін мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашып, инвестиция көлемін үш есеге өсіру керек. Кеңес барысында премьер-министр Олжас Бектенов осындай тапсырма берді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы