2300 адам жол апатынан қайтыс болған
Былтыр елімізде 36 мыңнан астам жол көлік оқиғасы тіркелген. Өкінішке қарай, сол апаттардың салдарынан 2 300 адам қаза болды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Жол-көлік оқиғаларына басты себептердің бірі көліктердің көбеюі, - дейді полицейлер. Мысалы соңғы 5 жылда елдегі автомобильдер саны шамамен 2 миллионға өсті. Осыған байланысты жол апаттарын азайту мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы шаралар қарастырылған. Елді мекендерде жол ережесін бұзу деректерін анықтайтын 28 мың автоматтандырылған жүйе жұмыс істеп тұр.
Ақтоты Боранова, ІІМ
әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
Одан бөлек біздің патрульдерде автопатрульге орналастырылған автоматты тіркеу құралдары бар. Олардың саны шамамен 500-ге жетіп қалды. Оның ішінде 100-і жасырын патрульдеумен айналысады. Яғни біз автокөлік санының көбейгенімен қатар яғни қарқынды өзіміздің даму жолында жұмыстар атқарып жатыр.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12