Басты Жаңалықтар Маңғыстау облысында нәресте өлімі азайды

Маңғыстау облысында нәресте өлімі азайды

Маңғыстау облысында нәресте өлімі азайған. Бұған облыстағы ана мен бала ортағының қажетті медициналық қондырғылармен толықтай жабдықталуы мен жүйелі жұмыс септігін тигізді. Перзентханада дәрігерлердің біліктілігін арттыруға аса мән беріледі. Соның арқасында  500 грамм болып туған шақалақтар қатарға қосылып жатыр.

Келген кезде салмақ тастады, 550 грамға дейін, қазір қайта жинап жатыр.

Ақтау қаласындағы «Ана мен бала» орталығы үшінші деңгейлі медициналық мекемеге жатады. Яғни мұнда шалғайдағы ауылдардан ауыр жағдайдағы науқастар жеткізіледі. Былтыр жансақтау бөлімде мерзімінен ерте туған және туабітті ақаулармен дүниеге келген 31 нәрестеге күрделі операция жасалған. Соның 95 пайызы аман қалды. Форт-Шевченко қаласының тұрғыны Бибінұр Әлішбаева жүктіліктің 26 аптасында босанған. 1 келі 90 грамм болып туған ұлы қазір салмақ қосып келеді.   

Бибінұр Әлішбаева, Ақтау қаласының тұрғыны:

Бізге сол кезде ең ауыр күндер басталды. Осындай балапандарды, осылардың өмірі үшін күресіп жүрген дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Біз басында 40 күн реанимация бөлімінде жаттық. Қазір балапаным қасымда. Үйге баруға дайындалып жүрміз. Келі 90 болып дүниеге келдік, қазір 1 келі 711 болдық. 
Орталық мамандары салмағы 500 грамдық шақалақтарды аман алып қалу үшін барын салады. Бұған соңғы келген медициналық қондырғылар көмектесуде. Қазір жансақтау бөлімінде салмағы 500 - 1600 грамм 11 бала жатыр.
Дана Дауылбаева, неонаталог-реаниматолог дәрігер:

Жасанды тыныс алу аппараты өте үлкен режимдері бар және де ИВЛ, СИПАП өте көп балалардың аман қалуына себеп. Сосын 5 сипап аппараты келді. Өте қажет аппарат келді.

Шала туған нәрестелер орталықта қажет салмақты қосып, толыққанды жетіліп кеткенше бақылауда болады. Тіпті үйге шығарылғаннан кейін де ай сайын арнайы кабинетке келіп, тексеріліп тұрады. Былтыр облыста дүниеге келген 17 мыңнан астам нәрестенің 700-ге жуығы шала туған. 


Бөлісу