Депутат: Ипотека талаптарын өзгерту керек
Әлеуметтік ипотека талаптарын өзгерту керек. Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескендіров Үкіметке осылай деп сауал жолдады. Қазіргі ережеге сәйкес, тұрғын үйлердің кемінде 70 пайызы тұрмыстық жағдайы төмен азаматтарға, 20 пайызы жетім балаларға, 10 пайызы кезекте тұрғандарға берілуі тиіс. Бірақ депутаттың айтуынша, әлеуметтік осал топтағы тұрғындардың көпшілігі үйді сатып ала алмайды. Мәселен, Таразда 706 үй бөлінсе, соның 500-ден астамы ғана өткен. «Бұл жергілікті бюджетке әсер етеді. Сондықтан әлеуметтік осал топтағы азаматтарға берілетін ипотеканың үлесін 70-тен 50 пайызға түсіру қажет», - дейді депутат.
Мұқаш Ескендіров, Мәжіліс депутаты:
Немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздарын жеңілдету мүмкіндігін сұраймыз. Өйткені осал топтағы азаматтардың төлем қабілетінің төмен болуы пәтерлердің уақытылы сатылмауына әкеліп, жергілікті атқарушы органдарының облигациялық қарыз-борыштарының мерзімінде өтелмеуіне әсерін тигізеді.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16
Кеншілер әулетіндегі жас маман атакәсіпті жалғастырды
21.10.2026, 20:15
Жолаушылар пойызы интернетпен қамтылды
21.10.2026, 20:13
Қызылордада инвестициялық жобалардың құрылысы басталды
21.10.2026, 20:11
Қытайда робот өндірісінде 6G технология қолданылды
21.10.2026, 20:08
АҚШ-тың арнайы өкілі Путинмен кездесіп, Украинадағы соғысты тоқтату мәселесін талқылады
21.10.2026, 20:08