Президент құқық қорғау органдарында цифрлық технологияларды қолдану мәселесін көтерді
Технологиялық тұрғыдан артта қалу – ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінде өткен жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Президент құқық қорғау органдарының цифрлық технологияларды қолдану мәселесіне ерекше тоқталды. Қазіргі таңда қылмыскерлер жасанды интеллект мүмкіндіктерін белсенді пайдаланып жатыр. Сондықтан оларға заманауи, озық технологиялық шешімдермен қарсы тұру – экономикалық жаңғыру жолына бет алған Қазақстан үшін маңызды міндет. Әсіресе қаржыны криптовалютаға айналдырып, шетелге заңсыз шығару деректері азаймай тұр. Мұндай заң бұзушылықтардың алдын алу және мемлекет қаржысының ел игілігіне жұмсалуын бақылау – Қаржылық мониторинг қызметінің басты міндеті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан
Республикасының Президенті:
Цифрлық тәсілдерді және жасанды интеллект жүйесін Агенттік қызметіне жаппай енгізу – кезек күттірмейтін аса маңызды міндет. Онсыз тиімді жұмыс болмайтыны анық. Қазір күштік құрылымдар мен қылмыс әлемінің арасындағы күрес технологиялық тұрғыдан мүлде басқа сипатқа ие болды. Заман талабына сай озық болуы үшін, ең алдымен дұрыс шешім қабылдап, тиімді әрекет етуіміз керек. Құқық қорғау органдары тиянақты, белсенді жұмыс істеп, озық цифрлық шешімдер арқылы елдегі өзгерістердің жедел және сапалы іске асуына септігін тигізуі мүмкін.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
01.05.2026, 20:41
Татулық пен бірлікті дәріптеген ауыл
01.05.2026, 20:39
Жол сапасын цифрлық платформа қадағалайды
01.05.2026, 20:38
1 мамыр мерекесінде ондаған миллион жолаушы сапарға аттанды
01.05.2026, 20:36
500-ге жуық түрлі этнос өкілі бір мезетте өнер көрсетті
01.05.2026, 20:34
«Қазақстан - бірлік мекені» атты мәдениет фестивалі өтті
01.05.2026, 20:32
Әлемде миллиондаған адам Еңбек күнін атап өтіп жатыр
01.05.2026, 20:30
Семейде достық фестивалі өтті
01.05.2026, 20:30