Жамбыл облысында интернет-алаяқтық 3 есе өскен
Былтыр Жамбыл облысында интернет алаяқтыққа қатысты 784 қылмыс тіркелген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда қылмыстың 3 есе өскенін көрсетті. Ал биыл жыл басталысымен 64 оқиға тіркелген.
Сондықтан құқық қорғау қызметкерлерінен құралған «Заң мен тәртіп» профилактикалық керуені Тараз тұрғындарына құқықтық кеңес берді. Мобильді топтың құрамында прокуратура, полиция өкілдері, заңгерлер мен психологтар бар. Олар бұған дейін аудандарды аралап келген болатын.
Мұхаммед Қошмағанбетов, Жамбыл облыстық ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының
аға жедел уәкілі:
2026 жылдың 1 ай қорытындысына сай қазір 64 дерек тіркеліп отыр. Жасөспірімдер арасында болып отырған «кибербуллинг», «киберсталкинг» қылмыстарын ерекше атап айтсақ болады. Күнделікті біз полиция қызметкерлері халық арасында және халық көп шоғырланатын жерлерде профилактикалық жұмыстар жүргізудеміз.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16