Қысқы Олимпиадаға баратын ең көп спортшы Алматы қаласынан
Италиядағы Олимпиадада ел намысын қорғайтын спортшылардың көпшілігі Алматы қаласынан. Туризм және спорт министрлігінің дерегінше, 7 атлет Алматыдан барады. Олар спорттың 5 түрінен ел намысын қорғайды.
Ал қысқы спорт түрі жақсы дамыған Ақмола облысынан 6 спортшы аттанады. Үштікті Шығыс Қазақстан облысы мен Астана, Шымкент қалалары түйіндейді. Бұл аймақтардан 4 атлеттен бақ сынайды. Сондай-ақ Павлодар, Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Абай облыстарынан барлығы 11 спортшы жүлдеге таласады.
Қазақстан тәуелсіз ел ретінде тоғызыншы рет қысқы Ақ ойындарға қатыспақ. Ел намысын спорттың 10 түрінен 36 отандасымыз қорғайды. Олимпиаданың ашылу салтанатында Мемлекеттік Туды шорт-трек шебері Денис Никиша мен фристайл-могулдан Ұлттық құрама мүшесі Аяулым Әмренова ұстап шығады. 25-ші қысқы Олимпида ойындары 6-22 ақпан аралығында өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы