Енді Түркі елдері табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар кезінде бірлескен жоспар құрады
Енді Түркі елдері табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар кезінде бірлескен жоспар құрады. Бес ел арасында «Азаматтық қорғау тетігін құру» туралы келісімге қол қойылмақ. Бүгін Мәжілісте тиісті заң жобасы қаралады.
Жанел Нұрболатқызы, тілші:
Бұдан былай табиғи апат кезінде Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер - Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстан кеңес құрады. Бауырлас мемлекеттер өзара көмек көрсетуден сырт қалған емес. Үш жыл бұрын Түркиядағы жойқын зілзала кезінде азық-түлік, тұрмыстық заттарды жөнелтуге бір кісідей атсалысқаны есте. Қазақстандағы су тасқыны кезінде де гуманитарлық көмекті тонналап жіберді. Бүгін қаралатын заң жобасы сол өзара байланысты, ынтымақты күшейте түспек. Бес мемлекет апат болған жағдайда кім, қашан, қалай қолдау білдіретінін алдын ала талқылап, жедел әрекет етеді. Шұғыл медициналық көмек көрсетуді Қазақстан үйлестірмек. Яғни, бірлескен жоспар құрып, ортақ шешім шығару үшін бірыңғай базалық алаң болмақ. Келісім аясында тұрақты түрде оқу-жаттығулар да өтеді. Құтқару операцияларына мамандарды даярлаудың бірыңғай стандарты бекітіледі. Бес ел комиссия жасақтап, құтқару бөлімшелерінің жай-күйін тексереді. Бұл түркі елдерінің жаһандық аренадағы жауапты әрі сенімді әріптестік рөлін де нығайта түседі, дейді депутаттар. 2024 жылы аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан мен Вьетнамға 5 млрд теңгеге жуық гуманитарлық көмек көрсетілді. Қазақстан былтыр да маңызды миссиядан қол үзген жоқ. Тәжікстанға 5 мың тонна мазут, Ауғанстанға үш жарым тонна дәрі-дәрмек, 2 мың тоннадан астам азық-түлік пен тұрмыстық бұйымдар жіберілді.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемдік рекорд орнатқан қазақстандықтар марапатталды
28.01.2026, 10:18
Қысқы Олимпиадаға баратын ең көп спортшы Алматы қаласынан
28.01.2026, 10:16
Халық пікірі: Конституциялық реформа – маңызды қадам
28.01.2026, 10:06
Шетелдік сарапшы: Бір палаталы Парламентте заң қабылдау процесі жылдам жүреді
28.01.2026, 10:03
Конституциялық реформалар: Комиссия жұмысы қызу жүріп жатыр
28.01.2026, 10:02
Испанияда заңсыз мигранттарға ресми мәртебе берілмек
28.01.2026, 10:01
Трамп: Иранға тағы бір армада бара жатыр
28.01.2026, 09:59
Үкіметте Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды
28.01.2026, 09:58