Қазақстандағы реформалар елді трансформациялауға бағытталған
«Қазақстандағы реформалар - елді трансформациялауға бағытталған». Құрылтайда көтерілген мәселелермен жіті танысқан Францияның Лилль католик университетінің профессоры Оливье Арифон осылай дейді. Француз ғалымы Қазақстанның жаһандық аренадағы рөлі жайлы «Баяндау арқылы Дипломатия - Азиядағы жаңа жұмсақ күш» деп аталатын кітап жазған болатын. Профессор халықтың игілігі үшін жасалып жатқан Қазақстандағы өзгерістер өз жемісін береді деген сенімде. Және болашақта елдегі әлеуметтік, саяси, экономикалық өзгерістерді кеңінен қамтып, тағы бір кітап жазуды жоспарлап отыр.
Оливье Арифон, Лилль Католик университетінің саяси коммуникациялар профессоры:
Мен Қазақстанға үш рет барып, Астана мен Алматы қаласында болдым. Еліңіздің «Орта держава, Орта күш» екені анық. Реформаларды жүргізуде билік азаматтардың мүддесі үшін әрекет етіп, халықтың үніне құлақ асып, оларды осы іске жұмылдыру жағына аса мән береді. Бір палаталы парламенттік жүйеге көшу үшін азаматтардың консультативтік кеңесін құру да тиімді деген ойдамын.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16
Кеншілер әулетіндегі жас маман атакәсіпті жалғастырды
21.10.2026, 20:15
Жолаушылар пойызы интернетпен қамтылды
21.10.2026, 20:13
Қызылордада инвестициялық жобалардың құрылысы басталды
21.10.2026, 20:11
Қытайда робот өндірісінде 6G технология қолданылды
21.10.2026, 20:08
АҚШ-тың арнайы өкілі Путинмен кездесіп, Украинадағы соғысты тоқтату мәселесін талқылады
21.10.2026, 20:08