«Ұлттық қор – балаларға»: 205 мыңнан астам азамат қаржысын пайдаланды
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы басталғалы 18 жасқа толған 205 мыңнан астам азамат шоттағы қаржысын пайдаланған. Соның ішінде 78 мың адам оқу ақысын төлеу үшін шамамен 12 млн доллар, 127 мың адам 20 миллион долларды баспана алуға жұмсаған. Айта кетсек, биыл 7 миллиондай баланың шотына 100-130 доллар аралығында түседі. Қаржыны 18 жасқа толғаннан кейін ғана шешіп алуға болады. Ол үшін eGov порталы арқылы өтінім беру керек. Одан кейін банктен шот ашасыз. Өтінім 15 жұмыс күнінде қаралады.
Қазіргі таңда «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 3 уәкілетті оператор бар. Біріншісі - «Отбасы банк». Оқу ақысын және тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында. «Халық банк« пен «Банк центр кредит» оқу ақысын төлеу мақсатында. Осы үш банк бізбен келісімшартқа отырған уәкілетті оператор.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы