Абай облысында қайтарлыған активтерге тағы 25 нысан салынады
Семейде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қосымша ғимараты қолданысқа берілді. Нысан мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған.
Орталық стационарлық жағдайда 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектігі барларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Осыған дейін онда 100-ден астам азамат кезекте тұрған. Мамандар барлық талапқа сай келетін заманауи 100 орындық ғимарат мәселені шешуге мүмкіндік беріп, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттырады деп отыр. Жалпы, Абай облысы бойынша мемлекетке қайтарылған активтер есебінен 22 миллиард теңгеге 25 түрлі әлеуметтік нысандар салу көзделген. Бүгінге дейін өңірде 3 нысан қолданысқа берілді.
Мейіржан Қалиасқаров, облыстық Прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы:
Үйлестіру кеңесін өткізіп, тиісті тексеру жұмыстарын жүргізгенде 300 орындық мекемеде 400-ден астам науқастың емделіп жатқанын ақықтадық. Сондықтан Бас прокуратураға әкімдікпен бірлесіп, хат жолдап, соның нәтижесінде мемлекетке қайтарылған активтер есебінен 2,6 миллиард теңге бөлініп, бір жылдың ішінде заманауи ғимарат пайдалануға берілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы