Ақтөбедегі арнайы экономикалық аймақтың мүмкіндігі жоғары
Ақтөбеде Президент тапсырмасына сәйкес өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды. Шараға ірі кәсіпкерлер мен кәсіпорын басшылары шақырылған. Кездесу барысында «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағының жоспары көрсетілді. Сондай-ақ жобаларды орналастыру шарттары, салықтық және кедендік жеңілдіктер туралы айтылды. Қазірдің өзінде бұл мүмкіндікті пайдалануға дайын кәсіпкерлер бар.
Алексей Гордиенко, кәсіпкер:
Өндірістік кластерді жолға қоймай, даму мүмкін емес екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан жобамызды арнайы экономикалық аймақ арқылы дамытуды көздеп отырмыз. Бізді дайын инфрақұрылымның болуы және өзге де жеңілдіктер қызықтырады.
Арнайы экономикалық аймақтың жалпы аумағы 858 гектар. Ақтөбе халықаралық әуежайы мен оңтүстік айналма жолға іргелес орналасқан. Яғни көлік-логистикалық мүмкіндігі де жоғары. Инженерлік желілер тартылады. Мұнда өнеркәсіптік салалар бойынша 29 бағыт қамтылмақ. Қазірдің өзінде бес ірі компания жобаларын орналастыру үшін келіссөздер жүргізіп жатыр.
Азат Асанов, «Ақтөбе» АЭА басқарушы компаниясы төрағасының орынбасары:
Мақсат – инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын құру. Құрылтайда айтып өткендей, ең басты мақсат – жоғары қосылған құны бар өнім өндіру. Яғни инновациялық жобаларды тарту бірінші уақытта.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы