Жамбыл облысындағы дәрі-дәрмек өз құнынан 35%-ға қымбат
Жамбыл облысының дәріханаларындағы дәрілер өз құнынан 35%-ға қымбат сатылып жатыр. Тіпті өз бағасынан екі есе асырғандар да бар. Мұны облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері дәрі бағасына қоғамдық бақылау жүргізу барысында анықтады.
Олар жыл басынан бері өңірдегі 2 мың 900 дәрінің сауда бағасын салыстырып көрген. 15 дәрілік препараттың бағасы шекті бағасына сәйкес болмай шыққан. Тіпті кейбірінің бағасы тым қымбат. Әсіресе облыс және аудан орталықтарынан шеткері аудандарда. Кеңес мүшелері дәрілерді өздері сатып алу арқылы баға бағамын есепке алып жүр. Енді оның қорытындысын Мәдениет және ақпарат министрлігіне жолдамақ.
Есембек Ошақбаев, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі:
Жамбыл облысында 440 дәріхана бар екен. Оның 227-сі Тараз қаласында, қалғаны 168-і біз аралаған 8 ауданда. Мысалы 2 мыңның дәрісін 2 жарым мыңға аласыз ғой. Енді жалпы орташа алғанда 25-30 процентке дейін барады. Қай уақытта болсын біз осы жұмысты жалғастырамыз. Әр дәріханаға кіріп, дәріні бақылау жұмыстарын жүргізіп отырамыз. Тек қана қоғамдық кеңес жұмыс істемеу керек, уәкілетті органдар өздері де бақылау жұмысын жүргізіп отыру керек.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16