Маңғыстау жүргізушілеріне жол қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді
Маңғыстауда Ақтау-Бейнеу-Атырау тас жолында көлік жүргізушілеріне жол қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді.
Өйткені аталған республикалық маңыздағы трассада жол апаты жиі болады. Салдарынан былтыр 10 адам қаза тапқан. Биыл жуырда ғана автобус апатқа ұшырап, 5 жолаушы мерт болып, 40 тан аса адам жарақат алды. Осы оқиғалардың барлығы жылдамдықты асырудан және ауа-райының қолайсыздығын ескермеуден болып отыр. Сондықтан құзырлы орган өкілдері «Жолда қабылдау» акциясын өткізіп, жүргізушілерге сақтық шараларын түсіндірді. Ал дәрігерлер мен психолог мамандар денсаулықтарын тексеріп, кеңес берді.
Смағұл Хасниязов, Бейнеу ауданының прокуроры:
Тоқтатылған жолаушыларға жолда жүріс қағидаларын қатаң сақтау, қауіпсіздік белдіктерін тағу, ара қашықтықты сақтау, жылдамдықты асырмау және көлік жүргізер алдында көліктің техникалық жағдайын алдын ала ескеру. Ауа-райын және жолдың жағдайын ескеру туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00