АҚШ-та бораннан 30 адам қайтыс болды
АҚШ-та бораннан 30 адам мерт
болды. Мұны Ассоушиейтид Пресс агенттігі хабарлады. Арканзастан бастап Жаңа
Англияға дейінгі 2100 шақырым аумақты 30 сантиметр қар басқан. Кей жерлерде ақ
ұлпаның қалыңдығы 50 сантиметрге жеткен. Суық ауа-райы елдің үштен екі бөлігін
әбігерге салды. Соңғы мәліметке сай 560 мың адам әлі электр жарығынсыз отыр.
Қуатты қалпына келтіруге бірнеше күн қажет болуы мүмкін. Дүйсенбіде 12 мыңнан
астам ұшақ рейсі доғарылған немесе кейінге қалдырылған. Нью-Йоркте 500 мыңдай
оқушы онлайн оқыды. Синоптиктер болса, алдағы демалыс күндері боран қайта соғуы
мүмкін екенін ескертіп жатыр.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тәуелсіздік – ұлтымыздың баға жетпес байлығы»
20.10.2026, 10:47
Ақтауда теңіздің экологиялық мәселесі түсіндірілді
20.10.2026, 10:14
Мажарстанда қазақ киносының күндері өтті
20.10.2026, 10:10
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
20.10.2026, 10:09
«Құрылтай феномені» кітабы таныстырылды
20.10.2026, 10:09
Атбасардың жылу инфрақұрылымы жаңартылып жатыр
20.10.2026, 10:08
Ресейде сапасы төмен бензин өндіруге рұқсат берілді
20.10.2026, 10:07
Украина бойынша саммит өткізу мәселесі талқыланып жатыр
20.10.2026, 10:06