Қазақстанда Нипах вирусын жұқтырғандар жоқ
Қазақстанда Нипах вирусын жұқтыру және оны ел аумағына әкелу жағдайлары тіркелген жоқ. Эпидемиологиялық ахуал тұрақты, жағдай толық бақылауда. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Үндістаннан таралып жатқан қауіпті вирусқа байланысты мемлекеттік шекарада санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілді. Мамандардың айтуынша, вирус жұқтырған адамдарда дене қызуы көтеріліп, жөтел пайда болады, сондай-ақ қатты бас ауруы байқалуы мүмкін. Денсаулық сақтау саласының өкілдері эндемиялық елдерден келген азаматтарға қандай да бір ауру белгілері сезілсе, дереу дәрігерге қаралуға кеңес берді. Ал инфекцияның алдын алу үшін жеке гигиена талаптарын сақтау, жарқанаттар мен доңыз сияқты жануарларға жоламаған жөн, дейді мамандар.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17