Ұлттық қор – балаларға: Жинақ шоттары ақпанда ашылады
Ұлттық қордан әр балаға түсетін қаржының көлемі ақпанда белгілі болады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметінше, ата-ана құжат жинап, шот ашып, әуреге түспейді. Жүйе толық автоматтандырылған. Қаражаттың түскен-түспегенін баланың жеке сәйкестендеру нөмірі арқылы еговтан көруге болады. Еске салсақ, бұл жоба 2024 жылы басталған еді. Содан бері балалардың шотына Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызы аударылып отырады. Бүгінге дейін қорда 87 млрд доллар жиналған.
Гүлнұр Ағайдарова, «БЖЗҚ» АҚ департаментінің басқарма бастығы:
Бала он сегізге толатын жылы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан автоматты түрде жинақ шот ашылады. Ата-ана БЗЖҚ-ның кидс енпф.кз сайты арқылы кіріп, қатысушыны іздеу батырмасына басып, баланың жсн нөмірін енгізеді де, тексеру батырмасын басса, қанша сомма жинақталғанын көре алады.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жедел жәрдем қызметіне тәулігіне 23 мың шақырту түседі
26.01.2026, 20:19
Қалалар Smart City жүйесіне көшіп жатыр
26.01.2026, 20:16
Деректерді өңдеу орталығы алқабын салу үшін 200 га жер бөлінді
26.01.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына шолу
26.01.2026, 20:12
Қазақстанда нипах вирусын жұқтырғандар жоқ
26.01.2026, 20:11
Конституциялық комиссия: Білім берудің зайырлы сипатын бекіту ұсынылды
26.01.2026, 20:09
Конституциялық реформалар демократияны күшейтеді
26.01.2026, 20:09
Аутизмі бар балалар мектеп бітірген соң қайда барады?
26.01.2026, 20:09