Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

Ирандағы шеру: Екі күнде 30 мың адам қаза тапты

Иранда ұлттық валютаның құнсыздануына қарсы шерулер кезінде қаңтардың 8-9 аралығында 30 мың адам қаза тапқан. Бұл туралы Time журналы осы елдің денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады. Үкіметке қарсы шерулер желтоқсанның соңында басталған еді. 

Трамп Канадаға 100% тариф енгізетінін мәлімдеді

АҚШ президенті Канададан баратын тауарларға 100 пайыз көлемінде баж салығын енгізетінін мәлімдеді. Дональд Трамп Оттаваның Қытаймен сауда келісімін жасауына қарсы.

Алтын бағасы алғаш рет 5 мың доллардан асты

Алтынның бір унциясы 5 мың доллардан асты. Нарықты АҚШ президентінің сауда саясаты құбылтып отыр. Украина мен Газадағы соғыс, АҚШ-тың Венесуэладағы әскери операциясы да бұған ықпал етті.

АҚШ-тың 24 штатында төтенше жағдай жарияланды

Америка Құрама Штаттарына соңғы 100 жылда болмаған ең сұрапыл «Ферн» дауылы соққы берді. Боран соғып, қар аралас жаңбыр жауды. Электр желілері үзіліп, ұшақ рейстері доғарылды. 24 штатта төтенше жағдай режимін жарияланды.

Бөлісу