Азаматтардың деректері бірыңғай цифрлық жүйеге біріктірілді
Қазақстан азаматтары туралы негізгі ақпарат бір жүйеге біріктірілді. Smart Data Finance платформасында 74 дереккөзден жиналған мәліметтер шоғырланған. Онда салық төлеушілердің жылжымайтын мүлкі, көлік құралдары, жер учаскелері, букмекерлік қызметке қатысуы, бағалы қағаздары, әуе рейстері, лицензиялары мен жеңілдіктері, еңбек шарттары, нотариалдық мәмілелері, сондай-ақ мобильді аударымдары туралы ақпарат қамтылған. Мемлекеттік кірістер комитеті бұрын қолданылған 12 ақпараттық жүйенің орнына 5 жаңа цифрлық ақпараттық жүйені іске қосты. «Salyq кэшбэк», Мемлекеттік қаржылардың цифрлық картасы, Цифрлық қосымша құн салығы және KEDEN жүйелері салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге және оның тиімділігін арттыруға бағытталған.
Дияс Крамшеев, «Электрондық қаржы орталығы» АҚ басқарма төрағасы:
Бұл заң жеке тұлғаларға да және заңды тұлғалар да қатысты. Өйткені әрбір азамат салық төлейді. ЖИ-ді қолданар алдында бізге ақпараттық мәліметтер керек. Заңды тұлғалар бойынша, жеке тұлғалар бойынша және оларға қатысты да мәліметтердің барлығы көп болуына байланысты соғұрлым ЖИ жақсы жұмыс істей алады. Осы 1-2 айдың ішінде сіздерге көрсетеміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы