Басты Жаңалықтар ШҚО мен Павлодар облысы су тасқынына дайындала бастады

ШҚО мен Павлодар облысы су тасқынына дайындала бастады

Биыл Павлодар облысы көктемгі су тасқынына ерте қамданып жатыр. Себебі ондаған елді мекенді су басу қаупі бар. Оның үстіне өңірдің кейбір аудандарына қар жылдағы нормадан артық түсті. Баянауылда 17 ауылға тасқын су қаупі төніп тұр. Соны болдырмау үшін алдын-ала жоспарланған 22 іс-шара өткізілді. Аудандарға қажетті құрал жабдықтар сатып алынды.

Әйгерім Болат, ТЖД арнайы басқармасының инженері:

Әкімдіктер мен басқармалар тарапынан қорғаныс сипатындағы кешенді жұмыстар жүргізілді. 156 шақырым қорғаныс дамбалары нығайтылып салынды. 36 су өткізу құрылғысы жөнделіп орнатылды. Шамамен 2 шақырым су бұру арналары жабдықталды.

Шығыста да көктемгі су тасқынына дайындық басталды. Биыл бұл өңірде қар аз жауды. Дегенмен таулы аудандарда жағдай күрделі. Сондықтан Төтенше жағдай министрінің орынбасары Кеген Тұрсынбаев аймаққа арнайы барып  қарғын суға қарсы жоспармен танысты. Таулы аудандарды әуеден шолып шықты. Гидро нысандардың техникалық жағдайын көрді. Қазір әрбір аудан, қалада  тасқынға тосқын жұмыстарын ұйымдасытратын штабтар құрылды. Ақпан мен наурызда атқарылатын шаралардың жоспары бекітілді.


Бөлісу