Басты Жаңалықтар АҚШ-та 1 миллиондай халық электр қуатынсыз қалған

АҚШ-та 1 миллиондай халық электр қуатынсыз қалған

АҚШ-та қыс қаһарына мінді. Боран соғып, елдің бірқатар штатында төтенше жағдай жарияланды. Қолайсыз ауа-райы 200 млн тұрғынның өміріне әсер еткен. Мектептер жабылып, мемлекеттік қызметкерлердің кейбірі қашықтан жұмыс істеуге көшті

Америка Құрама Штаттарына соңғы 100 жылдағы ең сұрапыл «Ферн» дауылы соқты. Боран соғып, қар аралас жаңбыр жауып тұр. Нью-Йоркте сенбіде 5 адам үсік шалып, қайтыс болған. Президент Дональд Трамп 24 штатта төтенше жағдай режимін жариялады. Тұрғындар биліктің ескертуінен соң азық-түлік, қажеттіліктерін алып қойған. Сол себепті демалыс күндері дүкен сөрелері босап қалған.

Кэти Хокул,        

Бұл соңғы жылдардағы ең қаһарлы қыс. Сүйектен өтетін суық. Бұл өте қауіпті. Мұндай ауа-райы ұзаққа созылуы мүмкін.

Мұз басқан электр желілері үзіліп, 1 миллионға жуық тұрғын электр қуатынсыз қалған. Әсіресе Миссисипи, Луизиана, Теннеси және Техас штаттарында жағдай күрделі. 14 мыңдай ұшақ рейсі доғарылды. Нью-Йорк, Хьюстон мен елдің өзге де ірі қалаларында балалар онлайн оқуға көшірілді. Сонымен бірге шалғайда тұратын мемлекеттік қызметкерлер жұмысты үйден істеп жатыр.  

Зохран Мамдани, Нью-Йорк мэрі:                                    

Сабақ қашықтан өткізіледі. Сыныптан тыс барлық үйірмелер, ересектерге арналған бағдарламалар – барлығы алынып тасталды.

Осындай аязды күндері өзгелерге жан жылуын аямайтын жандар бар. Райан Дюваль есімді азамат өрт сөндіру көлігіне мініп, суықта қалған жандарға көмегін ұсынып жүр.

Райан Дюваль, Нью-Йорк тұрғыны:

Бұл жүк көлігін мемлекеттік аукционнан сатып алдым. Оны ұзақ уақыт бойы айдаған жоқ едім. Жексенбі күні адамдарға көмек керек екенін түсініп, жолға шықтым.

Ал кей тұрғындардың жақсы көңіл-күйіне боранды күн кедергі емес. Вашингтондағы саябақтардың бірінде топ адам жиналып, қар атысып ойнады.

Джейсон Уайнер, Нью-Йорк тұрғыны:

Күн өте суық. Жылы киінуім керек еді. Дегенмен өте көңілді. Ойнап-күліп, керемет уақыт өткізіп жатырмыз.

Дауыл күші бүгін бәсеңдейді. Ал болжамға сай, суық ауа-райы аптаға жалғасуы мүмкін.


Бөлісу