Премьер-министр ExxonMobil компаниясының аға вице-президентімен кездесті
Премьер-министр Олжас Бектенов ExxonMobil компаниясының аға вице-президенті Питер Ларденмен кездесіп, мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Теңіз, Қашаған және Каспий құбыр консорциумы сынды бірлескен жобаларға қатысты пікір алмасты. Премьер-министр Теңіздің жағдайына алаңдаушылық білдірді. Болған апаттың салдарын аз уақыттың ішінде жою және келешекте мұндай оқиғалардың алдын алу үшін қажет шаралар қабылдау бойынша жеделдетілген жұмыстың маңызын атап өтті. Сондай-ақ Каспий құбыр консорциумы төңірегіндегі жағдай да назардан тыс қалған жоқ. Тараптар маңызды инфрақұрылымдық нысанның тұрақты жұмыс істеуіне ортақ қызығушылық танытты.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06