Болашақ құрылтай үміткерлері коррупциядан ада болуы тиіс
Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның екінші
отырысында жемқорлардың сайлану құқығын шектейтін норма енгізу ұсынылды.
Дәлірек айтсақ, сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылғандар, бас бостандығынан айыру орындарында
отырғандар, соттылығы жойылмаған немесе алынбаған азаматтар, сыбайлас жемқорлық
қылмыс не құқық бұзушылық жасағаны дәлелденгендер сайлауға, республикалық
референдумға қатыса алмайды. Құрылтай депутаты Қазақстаннан тыс
жерге тұрақты тұруға кетсе, соттың айыптау үкімі заңды күшіне енсе немесе
Қазақстан азаматтығынан айырылса, оның депутаттық өкілеттігі тоқтатылады.
Сондай-ақ партиялық тізіммен сайланған депутат өз партиясынан шыққан немесе
партия қызметі тоқтатылған жағдайда да мандатынан айырылады. Бұл қоғамның талабына сай норма болмақ.
Айта кету керек, Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобына осы кезге дейін азаматтар мен сарапшылардан екі мыңнан астам ұсыныс түскен.
Айта кету керек, Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобына осы кезге дейін азаматтар мен сарапшылардан екі мыңнан астам ұсыныс түскен.
Нұрлан Бекназаров, Сенат
депутаты:
Бұл жаңашыл нормадағы ерекше назар аударатын түзету қазіргі таңда қоғамда өте жағымсыз сипат алған сыбайлас жемқорлық қылмыс және құқық бұзушылық әрекеттеріне қатысты талаптардың қатаңдатылуы болып саналады.
Құрылтайдың
өкілеттік мерзімі –
бес жыл. Бұл лауазымға 25 жасқа
толған азаматтар үміткер бола алады. Тағы бір айта кететін жайт Заң шығару
бастамасына ие органдар саны артады. Нақтырақ айстақ, Заң шығаруға бастама
жасау құқығы ел Президентіне, Құрылтай депутаттарына, Үкіметке және Қазақстан
халқы кеңесіне беріледі. Ал Құрылтай қабылдаған заң 10 күн ішінде Президентке қол
қоюға жіберілуі керек.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚазақстанда жолаушылар тасымалының көлемі мен жүк айналымы ұлғайды
22.07.2026, 12:29
Психолог: Баланың интернетке тәуелділігін ерте анықтаған абзал
21.07.2026, 20:29
Құрылтай сайлауы – жаңа саяси кезең
21.07.2026, 20:27
Әскери оқу орындарына түсуді қалайтын жастар саны артып келеді
21.07.2026, 20:25
Әлеуметтанушы: Той өткізу мәдениетіне өзгеріс керек
21.07.2026, 20:19
Абай облысында қайтарылған активтер есебінен 27 нысан салынып жатыр
21.07.2026, 20:18
Ұлт ғылымының ұлы тұлғасы
21.07.2026, 20:17
Әскер туралы жалған ақпарат таратқан азамат сотталды
21.07.2026, 20:14