Басты Жаңалықтар Солтүстік Арал теңізінің аумағы ұлғаяды

Солтүстік Арал теңізінің аумағы ұлғаяды

Солтүстік Арал теңізінің аумағы келешекте 4 мың шаршы шақырымға ұлғайып, су көлемі 34 млрд текше метрге дейін артады деген жоспар бар. Мамандардың айтуынша қазір Солтүстік Аралды сақтау жобасының екінші кезеңі аяқталып келеді. Бұл мәселе Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда да көтерілген еді.
Ауқымды шараны Қазақстан мен Өзбекстан бірлесе қолға алып жатыр. Мемлекетаралық келісім аясында жыл сайын теңізге тұрақты түрде су жіберіліп отырады. Тараптар алдағы төрт-бес жыл ішінде осы жоспар жүзеге асады деген сенімде. Бұл- теңіз деңгейін ұстап тұру бойынша шараларды ұзақ мерзімді жоспарлауға мүмкіндік береді. Солтүстік Аралды сақтау – экологияны жақсартумен қатар, аймақтың тұрақты дамуына жол ашады.
Серік Бекмағамбетов, Халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы комитеті төрағасының орынбасары:

Суды тек халыққа, экономикаға пайдаланбай табиғатқа да беру керекпіз, сондықтан, егер Өзбекстан елі суды үнемдесе ол су Қазақстанға жетеді, Аралдың толуына бұл да өз әсерін тигізеді. 

Бөлісу