Басты Жаңалықтар Қазақстандық футболшылардың сапына әлемдегі үздік ойыншылар қосылды

Қазақстандық футболшылардың сапына әлемдегі үздік ойыншылар қосылды

Қазақстандық футболшылардың сапына әлемдегі үздік ойыншылар қосылды
Әлем футболының жұлдызы Виктор Мозес, жаңа маусымда Қазақстан Премьер-лигасында ойнайды. 35 жастағы нигериялық аяқдопшы бүгін қызылордалық «Қайсар» футбол клубының сапын толықтырды.
Күннің суығына қарамастан «Қайсар арена» стадионына 3 мыңға жуық жанкүйер жиналды. Фанаттар Виктор Мозесті ерекше ықыласпен қарсы алды. Сырдың командасында бұрын-соңды мұндай әлемдік деңгейдегі футболшы болмаған. Нигериялық жартылай қорғаушы Ағылшын Премьер-лигасында 200-ден аса ойын өткізіп, «Челси» клубымен бір мәрте чемпион болған. Сондай-ақ, ол Еуропа лигасының екі мәрте жеңімпазы. Ал Нигерия ұлттық құрамасымен Афирка Кубогын ұтқан. Виктор Мозес, «Қайсар» футбол клубымен бір жылдық келісім-шартқа қол қойды.
Виктор Мозес, «Қайсар» ФК ойыншысы:

«Қайсар» командасына келгеніме қуаныштымын. Ең бірінші кезекте, клуб басшылығының алдына қойған мақсат-жоспары ұнады. Қаланың заманауи жаңа стадионы бар. Енді балалар академиясы салынбақ. Бұл өте керемет бастама. Алдағы маусымда алаңдағы ойыныммен жанкүйерлердің сенімін ақтап, «Қайсарды» жоғары жетістіктерге жетелеуге бар-күш жігерімді саламын.
Сондай-ақ, «Ақтөбе» футбол клубы да, қысқы трансферлік маусымда португалдық футболшы Луиш Наниді өз қатарына қосты. Әйгілі Криштиану Роналдудың отандасы ағылшын премьер-лигасының төрт дүркін чемпионы, «Манчестер Юнайтед» сапында Чемпиондар лигасын жеңген. Енді 39-жастағы Нани жаңа маусымда ақтөбелік команданың намысын қорғайды.

Бөлісу