Спорт саласының мамандары біліктілігін арттырып жатыр
Спорт федерацияларының басшылары, сала менеджерлері, мемлекеттік қызметшілер мен топ-менеджерлер қайта оқытылып жатыр. Бүгін олардың 50-ден астамына диплом табысталды. Қазақ ұлттық спорт университеті ұйымдастырған «Спорттық менеджмент» бағыты бойынша Executive MBA бағдарламасы аясында 2021 жылдан бері 350-ден астам маман біліктілігін арттырған. Аталған жоба Франция, Польша және Бельгияның жетекші университеттері, сондай-ақ бизнес-мектептерімен бірлесіп әзірленген. Бағдарламаның мақсаты – отандық спорт саласын дамыту. Мамандардың айтуынша, байрақты бәсекелерде жетістікке жету үшін спортшылармен қатар, тұтас жүйені жетілдіре түсу шарт. Сондықтан басқарушы кадрлар мен сала мамандарының біліктілігін арттыруға ерекше басымдық беріліп отыр.
Азамат Имашев, Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:
Біз 1 жыл оқыдық. Оның ішінде онлайн форматта, кешкі уақытта жұмыстан тыс уақытта. Одан кейін Польша мемлекетіне және Швецияға 10 күндік тәжірибеге бардық. Ол жаққа көп спорттық нысандарды, заманауи тұрғыдан басқару автоматикалық ірі-ірі спорт нысандарын басқару сияқты үлкен тәжірибе алдық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы