Басты Жаңалықтар Ғылымға бет бұрған ғалымдар көбейіп келеді

Ғылымға бет бұрған ғалымдар көбейіп келеді

Елімізде ғылыммен айналысып жүрген ғалымдар қатары 27 мыңнан асты. Оның 46 пайызы 40-қа дейінгі жас ғалымдар. Саладағы жастарды қолдау үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен өткен жылы Астана мен Алматы қаласынан 200 пәтер берілді. Ал Жоғары Ғылым және Білім Министрлігі мен Отбасы банк бірлесіп әзірлеген жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар аясында 500-ге тарта жас ғалым баспаналы болды. Аталмыш бағдарламалар биыл да жалғасын табады. Сондай-ақ, жыл сайын  500 ғалым Халықаралық деңгейдегі ғылыми зерттеу-орталықтары мен институттарында тағлымдамадан өтіп, біліктілігін арттырады. Ең мықты ғылыми жобалар үшін түрлі көлемде гранттар мен стипендиялар қарастырылған. Сала мамандарының сөзінше, осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде соңғы 3 жылда ғылымға бет-бұрған ғалымдар қатары артып келеді. 

Жайық Тоқтаров,  ҚР ЖҒБМ ғылым комитеті төрағасының орынбасары:
Еліміздің ғылымын дамытудың негізгі басым 7 бағыты анықталған. Бірінші бағыт – экология яғни табиғатты оңтайлы пайдалану, энергия, озық өндіріс, ауыл шаруашылық мәселесі, сонымен қатар денсаулық жайындағы ғылым, биологиялық қорғаныс. Аталған осы 7 бағыт бойынша ғылыми зерттеу жұмысы осы 3 жылдықтың аясында жүзеге асырылатын болады.


Бөлісу