Қарағанды облысында жаңа мәдениет үйі ашылды
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданына қарасты Көкпекті ауылында Мәдениет үйі ашылды. Нысан «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған. Мәдениет ошағы енді ауыл тұрғындары үшін шығармашылық пен өнердің жаңа орталығына айналмақ.
Көкпекті ауылындағы өнерпаздар 30
жыл бойы арнайы бейімделмеген
тар бөлмелерде шығармашылықпен айналысып келді. Ауылда бүгінде «Бірлік» және «Атамекен» ұжымдары
жұмыс істейді, сондай-ақ балалардың вокалдық және би ансамбльдері бар. Ал жаңа
Мәдениет үйінде домбыра мен қобыз тартуды үйрететін, дойбы және шахматқа
баулитын секциялар ұйымдастырылады.
Қазанбай Әубәкіров, Көкпекті
ауылының тұрғыны:
Қуаныштымыз! Халық қуанышты, ел қуанышты! Осындай жақсылық әр ауылда, әр облыста, аудандарда бола берсін. Бұрын біз мынандай тар жерде тығылып отырушы едік. Енді мынадай кең, жарық Мәдениет үйімізге қуанып жатқан жайымыз бар.
Ғимаратта 200 орындық көрермен залы, кең сахна және үйірмелерге арналған
кабинеттер қарастырылған. 2025 жылы Бұқар жырау ауданында үш жаңа Мәдениет үйі
салынды. Тағы жеті мәдени нысан
бастан-аяқ жөнделді. Бұл ауыл жастарына жаңа шабыт сыйлап,
басқа қырынан ашылуға мүмкіндік береді дейді, - мамандар.
Ольга Гайнуллина, Мәдениет үйінің
меңгерушісі:
Жаңадан үйірмелер ашуға мүмкіндік туып отыр. Тіпті жеке гримдеу бөлмелері де бар. Ауылға гастрольмен өнер ұжымдары келсе, бұл өте ыңғайлы. Өнерпаздардың дайындалуына арналған кең бөлме де қарастырылған.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындары: Спортшылар лайнерде тұрады
07.09.2026, 20:30
Дарынды оқушы –ұлт болашағы
07.09.2026, 20:28
Дала додасында дараланғандар
07.09.2026, 20:16
Омарташы мамандарды оқытпай, бал экспорты оңалмайды
07.09.2026, 20:16
Атырауда резервтегі әскери міндеттілер дайындықтан өтіп жатыр
07.09.2026, 20:15
Сауалнамаға қатысқандардың 82% қазіргі өміріне қанағаттанады
07.09.2026, 20:11
288 мектепте стоматологиялық кабинет жұмыс істейді
07.09.2026, 20:09
Әлем жаңалықтарына шолу
07.09.2026, 20:09