Басты Жаңалықтар Салық реформасы: Байланыс орталығына 135 мың өтініш түскен

Салық реформасы: Байланыс орталығына 135 мың өтініш түскен

Жыл басынан бері 1414 байланыс желісіне, мессенджерлер және ЖИ-мен жұмыс істейтін чат-боттарға 135,5 мыңға жуық өтініш келіп түскен. Күн сайын операторлар орта есеппен 13-14 мың өтініш қабылдайды. Олардың 7 мыңға жуығы салық реформасы мен әлеуметтік төлемдерге қатысты сұрақтар болған. Премьер-министр Олжас Бектенов Электронды қаржы орталығының цифрлық инфрақұрылымымен танысып, салық реформасын түсіндіру жұмыстарының барысын тексерді. Қазіргі таңда кеңес беру: түсіндіру, қолдау көрсету және ақпараттық жүйелерді жетілдіру сынды үш деңгейлі жүйе арқылы жүзеге асады. Үкімет басшысы жаңа Салық кодексінің нормаларын енгізу кезінде «фискалдық транзитті» біркелкі әрі жанжалсыз өткізу маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, 2025 жылы бизнес субъектілері 750 млрд теңгеден астам салықты өз бетінше төлеген. Сонымен қатар, Қаржы министрлігінің дерегіне сәйкес, 2025 жылы елде 480 мың жаңа заңды тұлға тіркелген, ал биылғы жылдың алғашқы 20 күнінде тағы 22 мың кәсіпорын ашылған. Бұл бизнестің жаппай жабылуы туралы болжамдарды жоққа шығарады. Олжас Бектенов Электронды қаржы орталығын технологиялық жаңғыртуды және азаматтардың өтініштерін өңдеу қуатын арттыруды тапсырды.

Айгүл Жекешева, Бірыңғай байланыс орталығының директоры:
Қазіргі таңда жылдың басынан бері бірыңғай байланыс орталығы шамамен телефон арқылы 100 мыңға жуық қоңырау шалынды. Сондай-ақ 35 мыңға жуық дауыстық емес байланыс арналары арқылы өтінімдер келіп түсті. Салық кодексінің өзгерістері бойынша ең көп қойылатын сұрақтар. Ол: шоттарға тыйым салу, салық төлеушінің тоқтату, арнайы салық режимін қолдану шарттары жөнінде одан да басқа әлеуметтік төлемдер жайында, салық есептілігінің нысандарын толтыру жөнінде көптеген сұрақтар келіп түсіп жатыр.


Бөлісу