БҚО-да ЖИ-ге негізделген үш стартап жоба нарыққа шықты
Батыс Қазақстан облысында жасанды интеллектіге негізделген үш стартап жоба нарыққа шықты. Тағы 12 инновациялық жобаның құрылымы жасалып жатыр. Стартаптар жаңадан құрылған «Batys hub» орталығының қолдауымен жүзеге асып отыр. Президент «Turkistan» газетіне берген сұхбатында әр салаға цифрландыруды енгізуге мән берген болатын.
Кәсіпкер Айбек Қажмұхамбетов ағылшын тілін үйренуге арналған «Easy.speak.kz» онлайн платформасын жасап шығарды. Бұған пандемия кезінде оқу орталықтарының жабылып, кәсібінің тоқтап қалуы түрткі болған. Стартап жоба тіл үйренемін деген барлық буынға арналған. Әзірге үш деңгейдің тапсырмалары енгізілген.
Айбек Қажмұхамбетов, кәсіпкер, онлайн платформа авторы:
Қазір көп тренер айтады: «біз сізді 3 айдың ішінде үйретеміз», - дейді Ол мүмкін емес. Beginner - 8 ай, Elementary - 9 ай, Pre-Intermediate - 12 ай оқиды. Жасанды интеллект ұстазын жасап жатырмыз. Келесі айдың аяғында енгіземіз. Сосын оқушыларға ыңғайлы ма жоқ па - қараймыз?
Ал бір топ оқушы археологиялық жәдігерлердің цифрлық реставрациясын жасауды ойлап тапты. Оқушылар сарайындағы роботехника үйірмесінің тәлімгерлері ол үшін арнайы құрылғы да жасап шығарған. Суретке түсірілген артефакттар 3D принтерге шығарылады. Инновациялық жоба – музей қызметкері мен археолог, студенттерге арналған таптырмас құрал. Оқушылар авторлық патент алған. Жоба нарықта қолданылып жүр.
Аяжан Сатова, стартап жоба авторы:
Арнайы модель арқылы біз нысанды ұстамай, жоғарыдан суретке түсіреміз, 360 градуста. Осы суреттерді, екінші кезеңде өзіміз жасаған сайтқа жүктейміз. Сайтқа жүктеген соң ЖИ оны цифрлы түрде реставрация жасайды. Яғни ең бастапқы қалпына келтіреді деуге болады. Пайда болған суретті біз 3D модельге айналдырамыз.
Бұл жобалардың барлығына былтыр қайта құрылған «Batys hub» инновациялық орталығы қолдау жасап отыр. Нарыққа шыққандарымен қатар, құрылыс, такси, әлеуметтік қамту саласында тағы 12 жоба қолға алынған. «Астана Хабтың» филиалы саналатын бұл мекеме технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосып отыр.
Әсел Қасымова, «Batys hub» инновациялық орталығының директоры:
Батыс хабта қазіргі таңда мобильдік қосымша құру, әзірлеу, флатер бағдарламалау тілінде курстар жүргізіп жатыр. Жасанды интеллект бойынша bootcampтар, workshopтар, спикер топтар жүріп жатыр. Бұл тек қана жастар арасында емес, үлкендер арасында да қызығушылық тудырып отыр.
Мамандар дәріс оқуға шетелден және ел ішінен шақырылады. Ал үздік стартап жобаларға облыстық әкімдіктің қолдауымен грант беріледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы