Басты Жаңалықтар Оралда әскери-патриоттық форум өтті

Оралда әскери-патриоттық форум өтті

Оралда «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Әскери рух – ел қорғаны» атты әскери-патриоттық форум өтті. Іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушылардың әскери-патриоттық сана-сезімін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілігін күшейту бағытында қолға алынды. Форумда «Жас құтқарушы», «Жас сарбаз», «Жас сақшы» клубтарының көрсетілімдері қойылды. Оқушылар сап түзеп, болашақ мамандықтарының маңызын түсіндірді. Жиынға құқық қорғау органы өкілдері мен ұстаздар және бас-аяғы 800 оқушы қатысты. Сондай-ақ қаладағы барлық 52 мектептің жоғары сынып оқушылары онлайн қосылды. Форум аясында қалалық Білім бөлімі, Төтенше жағдайлар, Қорғаныс істері департаменттері, Шекара қызметі, Ұлттық ұлан әскери бөлімдерімен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Мейірхан Ізімов, қала прокуроры:

Меморандум мемлекеттік органдардың оқушылар арасында патриоттық сезімді қалыптастыру және әскери қызметке қызығушылығын арттыру үшін мектептерге келіп, дәріс оқуға бағытталап отыр.

Алтынбасар Боранбаев, оқушы:

«Келешек мектеп» бізге халықаралық жарыстарға қатысып, бірінші орын иеленуге мүмкіндік беріп жатыр. Отан қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы.


Бөлісу