Құрылтайда көтерілген мәселелерді шешуге әйелдер де кірісті
Ұлттық құрылтайда көтерілген басым бағыттардың шешілуіне «Ақ Жол» партиясының әйелдер қанаты үлес қосуға қазірден кірісті. Партия құрамындағы нәзік жандылар әйелдер мен балалар құқығын қорғау, отбасылық кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік салаларды ілгерлендіруге ат салысатындықтарын айтты. Бұл жөнінде бүгін «Ақ жол арулары» атты үлкен форумда айтылды. Оған әр өңірден 200-ге жуық делегат қатысты. Бүгінде партия құрамында әйелдер үлесі 40 процентті құрайды
Ақманат Төлегенова, форумға қатысушы (Қызылорда облысы):
Бізде қазіргі аймақ бойынша әйелдер мәселесі көп көтеріледі. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалары бар аналар. Қоғамда сондай әйелдерді біріктіріп, әр мейрам сайын сол балаларға арнап сыйлық береміз, шаралар өткіземіз.
Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:
Мысалы, Салық кодексі бойынша ұсыныстарымызды даярлау бойынша әріптестеріміз тікелей қатысқан, талай ұсыныстарды дайындаған әйелдер, партия мүшелері бар.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Волонтерлық қызметтің Конституцияда айқындалуы жастарға серпін береді
13.06.2026, 20:57
Канада мен Босния және Герцеговина құрамасы тең түсті
13.06.2026, 20:07
АҚШ құрамасы Парагвайдан басым түсті
13.06.2026, 20:05
14 маусым – дүниежүзілік қан доноры күні
13.06.2026, 20:05
Аймақта озық ғылыми жобалар жүзеге асып жатыр
13.06.2026, 20:05
Ресейдің 25 өңірінде бензин тапшы
13.06.2026, 20:05
Таиландта 15 күндік аза тұту жарияланды
13.06.2026, 20:04
АҚШ пен Иран бейбіт келісімге 24 сағатта қол қоюы мүмкін
13.06.2026, 20:04