«Таза Қазақстан»: Қарағанды облысында мектеп оқушыларына арналған экологиялық танымдық дәріс өтті
«Таза Қазақстан» – ұлттық идеологиямыздың ажырамас бөлігіне айналды. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында осылай деп мәлімдеді. Бүгінде Қарағанды облысының Осакаров ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында мектеп оқушыларына арналған экологиялық танымдық дәріс өтті. Оған 160 бала қатысты. Табиғат жанашырлары мен еріктілер оқушыларға қалдықтарды қайта өңдеуге қатысты пайдалы кеңестер берді. Мамандар табиғи ресурстарды үнемді пайдалану жолдарын түсіндірді. Мұндағы мақсат-өлкені көгалдандыру мен жас өрендердің санасына экологиялық мәдениетін сіңіру дейді ұйымдастырушылар.
Алуа Серікбай, оқушы:
«Таза Қазақстан» аясында көптеген лекция, сынып сағаттары мен іс-шаралар өтеді. Қоқыс қалдықтарынан әртүрлі бұйымдар жасап, көрме өткіземіз. Бөлекелерден қақпақтарын алып, бұйымдар жасап, балабақшаларға бердік.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елордада «Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25
Түркі әлемінің ортақ мұрасы: «Түркістан» энциклопедиясы жарық көрді
23.10.2026, 10:22
Ресейде жалған сертификаттарға қарсы күрес күшейтіледі
23.10.2026, 10:17
Алтын шикізатын шетелге заңсыз шығармақ болғандар ұсталды
23.10.2026, 10:15
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
23.10.2026, 10:14
Қытайда жер сілкініп, 16 адам қаза тапты
23.10.2026, 10:13
Қар құрсауында қалған 7 адам құтқарылды
23.10.2026, 10:12
7 жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге бөлінді
23.10.2026, 10:10