Сарапшы: Бір палаталы Парламент құру - сенімге негізделген қадам
«Бір палаталы Парламент құру - сенімге негізделген қадам». Әлемдегі ахуалға жаһандық талдау жасап жүрген италиялық сарапшылар Қазақстандағы Конституциялық реформаға қатысты осындай пікір білдірді. Заң шығарушы органды бір палатаға шоғырландыру саяси партиялардың еркіндігін күшейтіп, заңдардың қабылдануын жеделдетеді. Сондай-ақ тың өзгеріс халық үніне құлақ асатын құқықтық мемлекет тұжырымдамасын сәтті жүзеге асыруға серпін береді, дейді сарапшылар.
Микеле Валенсизе, Италияның Халықаралық істер институтының президенті:
Заң шығару процесін жеңілдетуге бағытталған бастамаларыңыз құптарлық. Бұл маңызды шешімдер қабылдауды жеделдетіп, жүйе жұмысының тиімділігін арттырары сөзсіз. Осы реформалардың барлығы саяси жүйенің тұрақтылығы үшін өзекті.
Фабрицио Виелмини, Жаһандық талдау халықаралық институтының сарапшысы:
Қазақстан реформа жүргізу, өзгеріс жасаудан әрқашан көшбасшы болатын. Қазіргідей халықаралық қатынастар ушыққан тұста елдеріңіз сынақтарға төтеп беруге, жаңа, әділетті Қазақстан құруға барын салуда. Бір палаталы Парламент құруға халықтың белсенді қатысуы да қазақ қоғамының жаңа келбетін айқындайды.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16
Кеншілер әулетіндегі жас маман атакәсіпті жалғастырды
21.10.2026, 20:15
Жолаушылар пойызы интернетпен қамтылды
21.10.2026, 20:13
Қызылордада инвестициялық жобалардың құрылысы басталды
21.10.2026, 20:11
Қытайда робот өндірісінде 6G технология қолданылды
21.10.2026, 20:08