«Келешек мектептері»: 7 мектепте үш ауысым мәселесі шешілді
Маңғыстауда «Келешек мектептері» Ұлттық жобасы аясында салынған білім беру ұйымының оқушылары Батыс өңірлері арасында өткен робототехника жарысында чемпион атанды. Жас өрендер заманауи мектептің мүмкіндіктерін пайдаланып, робот құрастыруды меңгерген. Осылайша балалар жастайынан инновациялық технологияларды игеруде. Келешек мектептерінің өзге де ерекшеліктері туралы Аягөз Оралбайқызы тарқатып айтады.
Санжар мен Мейірбек Ақтау қаласында «Келешек мектептері» жобасымен салынған 32-мектептің оқушылары. Екеуі де STEM кабинетінде жұмыс істегенді ұнатады. Олар бір топ оқушы болып, бірнеше робот құрастырып, келешек мектептері арасында ұйымдастырылған жарыста үздік танылды.
Санжар Әмірхан, 7-сынып оқушысы:
Бұл сарышаян роботы бірнеше тапсырма орындайды және де ауыр жүктерді көтереді. Мысалы, мына робот ол корабльді көтереді. Бұдан бөлек, біз осындай роботтарды жасадық. Нәтижесінде біз Батыс жарысында чемпион атандық. Бұл чемпион атанғанымыз – біз деген 32 келешек мектебінде осындай мүмкіндік берді.
«Келешек мектептері» Ұлттық жобасы аясында облыста 13 мектеп бой көтерді. Алғашқысы осыдан бір жыл бұрын, соңғысы былтыр желтоқсан айында пайдалануға берілді.
Гүлжамал Азаматова, №35 мектептің биология пәнінің мұғалімі:
Бұрынғы мектептерде теориялық білім көбірек қолданылатын болса, біздің келешек мектептерінің негізгі бағыты мен мақсаты - бұл баланы ғылым жолына дайындау болып саналады. Әр бір кабинетіміз біздің заманауи технологиялармен жабдықталған. 100 пайыз кабинеттерде интерактивті тақталар орнатылған.
Аймақта 16 мыңнан астам оқушы келешек мектептерінде білім алуда. Сонымен қатар, 1 мыңнан аса педогог жұмыспен қамтылды.
Клара Құлатаева, облыстық Білім басқармасының бөлім басшысы:
Жалпы келешек мектепті біздің өңіріміз үшін үлкен пайдасы тигізді. Оның ең біріншісі - біздің өңірімізде 10 үш ауысымды мектеп болатын болса, осы мектептердің ашылуымен 10-нан 3-ке қысқардық. Яғни, 7 мектепте 3 ауысымды мәселесі шешілді.
Келешек мектептерінің басты ерекшелігі – мұнда балалардың жан-жақты білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Инклюзивті білім беру кабинеті жұмыс істейді. Әрі, балалардың қауіпсіздігі бірінші орында.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы