Техникалық апатқа байланысты арнайы комиссия құрылды
«Теңіз» және «Королев» мұнай кен орындарындағы апатқа байланысты арнайы комиссия құрылды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың тапсырмасымен Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев «Теңіз» кен орнына барып, жағдайды бақылауда ұстау және оператормен өзара іс-қимылды үйлестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Комиссия құрамына мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің аумақтық департаменті, Атырау облысы әкімдігінің энергетика басқармасы, «KEGOC» және «Теңізшевройл» өкілдері кірді. Елімізде «Теңіз» және «Королев» мұнай кен орындарында мұнай өндіру уақытша тоқтатылған еді. Бұған өндірістік нысандардағы электр энергиясын тарату жүйелерінде туындаған техникалық ақау себеп болған.
Әсел Серікпаева, ҚР Энергетика министрінің кеңісшісі:
Қазіргі уақытта комиссия егжей-жегтейлі техникалық талдауда. Барлық ресми қорытындылар мен пікірлер тек комиссия жұмысының нәтижесі бойынша жарияланады. Жағдай Энергетика министрлігінің бақылауында.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00