Бір палаталы Парламентке көшу - әлемдік тәжірибедегі тиімді модель
«Бір палаталы парламенттік жүйе Қазақстанда заң шығару процесін жеделдетіп, бюджет шығынын азайтады». Орталық Азия бойынша тәуелсіз сарапшы Альберто Тюркстра осылай дейді. Оның пайымынша, бүгінде әлемде ұлттық заң шығарушы органдардың 60%-ға жуығы бір палаталы. Олар өзінің тиімділігін әлдеқашан дәлелдеген. Қазақстандағы институционалды реформа елдегі бюрократияны азайтып, демократияны күшейтеді. Әрі Үкіметке шұғыл шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді, дейді сарапшы.
Альберто Тюркстра, «Дипломатиялық әлем» басылымының жоба жетекшісі, Орталық Азия бойынша тәуелсіз сарапшы:
Екі палаталы Парламенттен бір палаталы Парламентке көшу Қазақстанның кең ауқымды саяси жаңғыру мақсаттарына сәйкес келетін заманауи және тиімді заң шығарушы орган құруына септігін тигізеді. Швеция, Солтүстік Еуропа елдерінде, Жаңа Зеландияда бір палаталы Парламент биліктің тиімділігін арттырды, мемлекеттік шығындарды азайтты. Бельгия үкіметі де 2029 жылға қарай сенатты қысқартып, 40 млн еуро үнемдеуді ойластырып жатыр. Геосаяси жағдай, экономикалық ахуал ушыққан кезде Қазақстанның осындай бастама көтеруі құптарлық шешім.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07